«Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы
жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығын жариялау туралы Қазақстан
Республикасы Iшкi iстер министрлігі 1996 жылғы 30 қаңтардағы
№ 23 Бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 23 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 16 шiлдедегi № 3057 Жарлығын жариялай отырып, БҰЙЫРАМЫН:
1. Алматы қаласының IIББ, облыстардың IIБ бастықтарына:
1.1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шiлдедегi № 3057 Жарлығы басшылыққа алынсын және бұлжытпай жүзеге асырылсын, "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы" Ереже талаптарын орындау қамтамасыз етiлсiн, паспорт және виза жұмыстары аппараттарының жеке құрамдарында оны оқып-үйрену ұйымдастырылсын.
1.2. Қазақстан Республикасында саяси баспана беру тәртібіне түсiнiк беру шетел азаматтарын қабылдау мен айналысатын қызметкерлерге жүктелсiн.
2. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беруге байланысты материалдарды iшкi iстер органдарының қарастыру тәртібі туралы (№ 1 қосымша) Нұсқаулық бекітілсiн.
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер Министрi -
Iшкi әскерлер Қолбасшысы
Қазақстан Республикасы IIМ
1996 жылғы 30 қаңтардағы
№ 23 бұйрығына
№ 1 қосымша
Iшкi iстер органдарының Қазақстан Республикасындағы
шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси
баспана беруге байланысты материалдарды
қарастыру тәртібі жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы" Жарлығын орындау мақсатында, iс жүзiнде мыналарды басшылыққа алу қажет:
I. Жалпы ережелер