
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК СТАНДАРТЫ
Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі
Өлшембірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың
квалификациясын жоғарлату және қайта дайындау
ҚР СТ 2.72 - 2004
Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитеті
(Мемстандарт)
Алғы сөз
1. «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны әзірленген енгізілген.
2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитетінің 2004 жылғы 5 тамызындағы № 218 бұйрығымен бекітілген және қолданысқа енгізілген.
3. Бірінші тексерудің мерзімі 2009 жыл,
Тексерудің мерзімділігі 5 жыл.
4. Бірінші рет енгізілген.
5. Стандарт Халықаралық заңнамалы метрология мекемесінің халықаралық құжаты ХҚ 14 «Заңнамалы метрология саласындағы кадрлардың квалификациясы» ережелерін ескере отырып әзірленген.
Осы стандарт Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология жөніндегі комитетінің рұқсатынсыз ресми басылым ретінде Қазақстан Республикасының аумағында толықтай немесе жартылай баспадан шығарыла, көбейтіле және таратыла алмайды.
Мазмұны
1. Қолданылу саласы
2. Нормативті сілтемелер
3. Анықтамалар
4. Негізгі ережелер
5. Оқыту реті
А қосымшасы Емтихандық ақпартізім
Б қосымшасы Квалификацияны жоғарлату туралы куәлік формасы
В қосымшасы Оқытылған семинар бойынша сертификат формасы
Г қосымшасы Анықтама
Д қосымшасы Маманның стажировкадан анықтама-пікір формасы
Е қосымшасы Мінездеме
Ж қосымшасы Библиография
Енгізілген күні 2005.07.01
1. Қолданылу саласы
Осы стандарт негізгі ережелер мен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы кадрлардың квалификациясын жоғарлату және қайта дайындау тәртібін белгілейді (әрі қарай оқыту).
Осы стандарт талаптары өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік метрологиялық қызмет, мемлекеттік басқарма органдары және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
2. Нормативті сілтемелер
Осы стандартта келесі стандартарға сілтемелер пайдаланылған: