«2005 жылғы 4 желтоқсанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінің
сайлауында дауыс беру кезінде сайлау бюллетеньдеріне арналған конверттерді
пайдалану және дайындау туралы»
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы
18 қарашадағы № 45/89 Қаулысы
ҚР Орталық сайлау комиссиясының 2005.28.11. № 48/99 қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңынын 8- және 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ереженің 8-тармағына сәйкес, жасырып дауыс беру қағидатын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. 2005 жылғы 4 желтоксанға хабарланған Қазақстан Республикасы Президентінін сайлауында дауыс беру кезінде сайлау бюллетеньдеріне арналған конверттер (бұдан әрі - конверттер) пайдаланылсын.
2. Сайлаушыға сайлау бюллетенін беру конвертпен бірге жүзеге асырылсын. Сайлаушы сайлау бюллетенін толтырғаннан кейін өз калауы бойынша оны дауыс беруге арналған жәшікке салынатын конвертке салады.
3. Конверттерді "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында сайлау бюллетеньдерін дайындау мен жеткізу үшін белгіленген санда және мерзімдерде орталықтандырып дайындау, сондай-ақ жеткізу қамтамасыз етілсін.
Сайлау учаскесінде дауыстарды санау кезінде конверттер есептеледі, ол туралы қоса беріліп отырған нысанда акт жасалады. Учаскелік сайлау комиссиясының сайлау учаскесіне келіп тускен конверттерді санау туралы актісі Қазакстан Республикасы Президентінің сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамамен қоса аумақтық сайлау комиссиясына тапсырылады.
4. Қоса беріліп отырған:
1) конверттің сипаттамасы (№ 1 қосымша);
2) учаскелік сайлау комиссиясыңын сайлау бюллетеньдеріне арналған конверттерді санау туралы актісінің нысаны (№ 2 қосымша) бекітілсін.
5. Конверттердің уақтылы дайындалуы мен жеткізілуін бакылау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Қ.Т.Тұрғанқұловка жүктелсін.