«Әлектрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы
ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық, сайлау комиссиясының
2005 жылғы 18 қарашадағы № 45/90 қаулысы
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12 және 50-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне жіберілсін.
3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2005 жылғы 18 қарашадағы
№ 45/90 қаулысымен бекітілген
Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін
қамтамасыз ету туралы ереже
Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына сәйкес электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібін анықтайды.
1. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің
негізгі қағидаттары
1. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында және өзге де нормативтік кұқықтық актілерде белгіленген кұқықтық, ұйымдастыру, ұйымдастыру -техникалық және өзге де іс-шаралардың жиынтығын қамтитын электрондық сайлау жүйесін қорғаудың біртұтас тәртібін білдіреді.
2. Электрондық сайлау жүйесінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негізін Қазақстан