«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті
бөлімдеріне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі туралы
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы
органдарының есептілігі туралы»
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2005 жылғы 1 маусымдағы № 183-НҚ Бұйрығы
(2006.17.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006.17.07. № 174-НҚ бұйрығымен күші жойылды
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 2-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдары үшін:
1) осы бұйрыққа берілген 1-қосымшаға сәйкес облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне ұсынған есептілік кестесі;
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006.17.03 № 76-НҚ Бұйрығымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдеріне енгізілген жергілікті атқарушы органдардың табиғи монополиялар субъектілерінің қызметі туралы мыналарды:
осы бұйрыққа берілген 2-қосымшаға сәйкес Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдерін жүргізу туралы мәліметті;
осы бұйрыққа берілген 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алым ставкаларын) өзгертуге берілген өтінімдер туралы ақпаратты;