Введите номер документа
Прайс-лист

«Шағын бизнес орталықтарын құру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 қыркүйектегі № 884 Қаулысы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 15 сентября 1993
Статус
Утратил силу
утратил силу с 1 декабря 2005

«Шағын бизнес орталықтарын құру тәртібі туралы»
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 15 қыркүйектегі  № 884 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 23 қарашадағы № 1156 қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді:

1. Шағын бизнес орталықтарын құру тәртібі туралы Ереже бекітілсін (қоса беріліп отыр).

2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі, Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкімдерімен бірлесіп, бір ай мерзімде республиканың облыстарында шағын бизнес орталықтарын құру жөніндегі шаралардың жоспарын әзірлесін, объектілерді анықтап, оларды шағын бизнес орталықтары үшін жекешелендіру жөнінде конкурс ұйымдастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі республикада шағын бизнес орталықтарын қалыптастыру жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру үшін қаржыландыру көздерін анықтасын.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі

 

Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің

1993 жылғы 15 қыркүйектегі

№ 884 қаулысымен

Бекітілген

 

"Шағын бизнес орталықтарын құру тәртібі туралы"

Ереже

 

І. Жалпы ережелер

 

ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.06.09. № 809 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді

1. Ереже материалдық өндіріс саласында шағын бизнесті дамыту мақсатымен шағын бизнес орталықтарын (бұдан әрі Орталықтар) құруда Экономика министрлігінің, Еңбек министрлігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитетінің, Қазақстан Республикасының Жастар істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің, жергілікті әкімдердің, басқа да мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік құрылымдардың қызметін үйлестіру үшін негіз болып табылады.

2. Орталықтар құрудың мақсаты:

- көбінесе басым бағыттарда өндіріс көлемін ұлғайту: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және ұқсату, халық тұтынатын тауарлар өндіру, өндірістік және тұрғын үй объектілерін салу, инновациялық қызмет;

- кәсіпкерліктің инфрақұрылымдарын дамыту;

- бұрын игерілген күрделі қаржыларды ұтымды пайдалану;

- дамудың бірыңғай стратегиясын жүргізу және Қазақстанның шағын және орта бизнесіне шетелдік инвесторларды тартудың тиімді тетігін құру;

- материалдық өндіріс саласында озық технологияны енгізуге, әлемдік нарықта бәсекелестікке қабілетті өнімдер шығаруға негізделген аса басым бизнес-жобаларды анықтау және оларға барынша қолдау жасау;

- өндірісті монополиясыздандыруға және жекешелендіруге жәрдемдесу, осы процестердің нәтижесінде пайда болатын шағын шаруашылық құрылымдарды қолдау;

- өзінің негізінде жеке кәсіпкерлікке сүйенген шағын және орта бизнес саласындағы жұмыс орындарын ұлғайту есебінен халықты жұмыспен қамту, кәсіпкерлердің кәсіптік даярлығын қамтамасыз ету, олардың жеке ісінің қалыптасуына атсалысу болып табылады.

ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.06.09. № 809 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді

3. Орталықтар қызметінің негізгі бағыттары:

- қалыптастыру кезінде кәсіпкерлерді өндірістік үй-жайлармен, материалдық ресурстармен қамтамасыз ету және жәрдемдесу, ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы қызметтер көрсету;

- шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметін құқықтық қолдау;

- өндірістік үй-жайлар мен офистер, жабдықтар мен техника беру;

- кәсіпкерлерге қаржылай көмек көрсету;

- жобаларды инженерлік қолдау және өндірісті ұйымдастыруда көмектесу;

- дербес түрде шаруашылық жүргізуге баулу және ақыл-кеңес беру;

- кәсіпкерлік жобаларға белгіленген тәртіппен, құқықтық, экономикалық және техникалық-технологиялық сараптау жүргізуді қамтамасыз ету;

- ақпаратпен қамтамасыз ету, маркетингтік және консультациялық қызмет көрсету;

- есеп жүргізуге контрактылар мен шарттар жасауға, нормативті

құжаттарды және шаруа жүргізуші құрылымдарды дайындауға көмектесу;

- кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық байланыстарды

ұйымдастыруына жәрдемдесу болып табылады.

ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.06.09. № 809 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді

4. Орталықтар акционерлік қоғамдар түрінде құрылады және

оларды:

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті;

- әр түрлі меншік нысандарындағы шаруашылық жүргізуші

субъектілер;

- қоғамдық ұйымдар;

- шетелдік инвесторлар құра алады.

Акционерлік капиталға қатысу нысандары:

- үйлер мен ғимараттардан;

- техникалар мен жабдықтардан;

- қаржы көздерінен;

- өнертапқыштық пен "ноу-хаудан" тұруы мүмкін.

Орталықтар заңды ұйым болып табылады және өз қызметін жарғының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының негізінде жүзеге асырады.

 

II. Орталықтар құру жөніндегі ұйымдастыру

шаралары

 

ҚР Министрлер Кабинетінің 1995.06.09. № 809 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді

5. Орталықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті, жергілікті әкімшіліктердің қатысуымен заңды ұйымдар, Экономика министрлігінің аумақтық органдары, Еңбек министрлігі, Қазақстан Республикасының Монополияға қарсы саясат жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасының Жастар істері жөніндегі мемлекеттік комитеті, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдары республиканың қалаларында және селолық аудандарында құрады.

6. Орталықтарды құру және дамыту жөніндегі нақты жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті әкімшіліктердің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің органдары жер учаскелерін, салынып бітпеген мемлекеттік объектілерді, тоқтап тұрған құрылыстарды және жекешелендіруге жататын кәсіпорындарды іздестіреді.

7. Облыстардың әкімдері Экономика министрлігінің, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің, мүдделі ұйымдардың, кәсіпкерлік құрылымдардың аумақтық органдарымен, өкілдерімен бірге іс-шаралардың жоспарын жасайды, онда:

- Орталықтар құру жөніндегі бизнес-жобалар конкурсын өткізу;

- жер бөлу туралы мәселені шешу;

- Орталықтар құру үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитетінің объектілерді жекешелендіруге конкурс өткізуі;

- Орталықтар құру жөніндегі инициативалық топты анықтау, акционерлердің қаражатын тарту жөніндегі науқанды өрістету;

- Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қорының қатысуымен Орталықтар құрудың бағдарламаларын жасау, құрылтайшы құжаттарын әзірлеу көзделеді.

8. Орталықтар құруда құқықтық, әдістемелік және консультациялық қолдауды Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры жүзеге асырады.

9. Орталықтар құру жөніндегі іс-шараларды жүргізуді үйлестіру мен бақылауды Экономика министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

 

III. Бизнес-жобалардың конкурсы

 

10. Орталықтар құру жөніндегі таңдаулы бизнес-жобаларды анықтау үшін олардың конкурсы өткізіледі. Конкурсты Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қорының аумақтық бөлімшелері ұйымдастырады және өткізеді.

11. Орталықтардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін, өндірістік қызметті іске асыратын немесе іске асыруға ниеттенген кез келген жеке адамдар немесе заңды ұйымдар конкурстың қатысушылары бола алады.

12. Орталықтарды құру және олардың қызметі жөніндегі жобаларға қойылатын талаптар: өндірілетін өнімдердің әлеуметтік маңыздылығы, бәсекелестік қабілеттілігі, алдыңғы қатарлы және экологиялық таза технологияны қолдану, шикізатпен, материалдармен және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, өндірістің тиімділігі.

13. Конкурс баспасөзде, теледидарда, радиода кең жариялылық тұрғысында өткізіледі. Конкурсты екі кезеңде өткізу ұсынылады: алдын-ала, қатысушылардың анкетасын қарау, ал ақтық кезеңде жеңімпаздардың өз жобаларын жүзеге асыруына және қаржы-кредит қолдауын алуына құқығын бекіту.

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами