«Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің 2005 жылғы 10 қарашадағы № 286 Бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығын және "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 77-ө өкімін іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. "Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізудің Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрінің міндетін атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1751 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақтағы "Вице-министр А.Д. Досжанға" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің Төрағасы Қ.Қ. Жаңахановқа" деген сөздермен ауыстырылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткізу Ережесінде:
1-тармақтағы "заңды/жеке" деген сөздер "жеке және заңды"деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Конкурс өткізу туралы шешімді Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) қабылдайды.