Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату салаларындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 75 бұйрығы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1998 жылғы 24 наурыздағы 21-1-бабына сәйкес, бұйырамын:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасында телевизиялық және (немесе) радио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзудiң Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрiнiң мiндетiн атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде № 1751 болып тіркелген);
2) «Қазақстан Республикасында жерүсті телерадио хабарларын тарату құқығын алуға конкурс өткiзудiң Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрiнiң мiндетiн атқарушының 2002 жылғы 12 ақпандағы № 32 бұйрығына өзгерістер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрiнiң 2005 жылғы 10 қарашадағы № 286 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiнде № 3938 болып тіркелген және «Заң газетiнде» 2005 жылғы 2 желтоқсанда № 160-161 (785) жарияланған);