Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік
комиссиясы туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет
істері жөніндегі агенттігі төрағасының
2003 ж. 26 наурыздағы № 02-01-02/33 бұйрығы
Осы редакция 2005 ж. 25 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 21 маусымдағы № 895 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында, бұйырамын:
1. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы құрылсын.
2. Қоса берілген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның тәртіптік комиссиясы туралы ережесі бекітілсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді.
Төраға
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет iстерi
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2003 жылғы 26 наурыздағы
№ 01-02/33 бұйрығымен
бекітілді
Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегі өкiлеттi органның
тәртiптiк комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Мемлекеттік қызмет iстерi жөніндегi өкілеттi органның тәртіптiк комиссиясының өкiлеттiгiн, iс-қызметiн ұйымдастыруын және тәртібін анықтайды.
1. Жалпы ережелер