Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын
адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты
бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығы
(ҚР Әділет министрінің 27.05.04 ж. № 155; 24.08.04 ж. № 240;
2005.12.05. № 128 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2005.12.05. № 128 бұйрығымен тақырыбы және 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінің қызметін бұдан әрі жетілдіру қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині қылмыстық-атқару жүйесі Комитетіне, осы Ережелердің іс жүзінде қатаң қолдануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске енеді.
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Бас прокурорының
орынбасары
2001 жылғы 19 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 154 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды
қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
ҚР Әділет министрінің 2005.12.05. № 128 бұйрығымен тақырыбы және1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қадағалауды сотталғандардың жаза өтеуiнiң белгiленген режимiн қамтамасыз ету құралдарының бiрi болып табылады және алдын алу, режимдiк, тәрбие iс-шараларының кешенiн құрайды.
ҚР Әділет министрінің 2005.12.05. № 128 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)