«Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиялар туралы
Ережені бекіту туралы» Алматы қаласы Әкімдігінің
2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 5/870 қаулысы
Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы", "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік көмек туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру шаралары туралы" 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулыларына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі учаскелік комиссиялар туралы Ереже № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Алматы қаласы аудандарының әкімдеріне:
1) аудандық учаскелік комиссияларды құрып, құрамын бекітсін;
2) балаларға берілетін мемлекеттік көмек, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер тұлғалардың (отбасылардың) жеке қосалқы шаруаларының көлемі туралы мәліметтерді бекітуге қалыптасқан тәртіп бойынша өкілетті орган белгіленсін.
3. № 2 қосымшаға сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары күшін жойды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ. А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының
Әкімдік
Алматы қаласы әкімдігінің
2005 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 5/870 қаулысына
№ 1 қосымша
Халыққа әлеуметтік көмек көрсету жөніндегi
учаскелік комиссиялар туралы
Ереже
1. Жалпы ереже