Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2005 жылғы 14 қазандағы
№ 596 бұйрығымен бекітілген
Пестицидтерді (улы химикаттарды) сату
жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі
Осы редакция 2006 ж. 20 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1. Жалпы ережелер
1. Осы пестицидтерді (улы химикаттарды) сату жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Өсімдіктерді қорғау туралы" және "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарын іске асыру мақсатында әзірленген, пестицидтерді (улы химикаттарды) (бұдан әрі - пестицидтер) сату жөніндегі қызметті лицензиялау саласындағы заңнаманың қолданылуын регламенттейді және нақтылайды.
2. Осы Ережеде сату ұғымының астарында өсімдіктерді қорғауда қолдану үшін жеке және заңды тұлғаларға пестицидтерді сату түсініледі.
2. Лицензия беру тәртібі мен шарттары
3. Пестицидтерді сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық (Астана және Алматы қалалары) аумақтық басқармалары (бұдан әрі - Лицензиарлар) жүзеге асырады.
Лицензия белгіленген үлгідегі бланкте қосымшасымен қоса беріледі. Қосымшада жеке және заңды тұлғалардың (бұдан әрі - Лицензиаттар) сатуға құқы бар пестицидтер тізбесі көрсетіледі. Тиісті қосымшалары жоқ лицензия жарамсыз болып табылады.
4. Пестицидтерді сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін Лицензиаттар Лицензиарға мына құжаттарды тапсырады:
1) 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандағы өтініш;
2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі және жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);
4) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымды төлегені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;
5) өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкестігін растаушы құжаттар.