Құстардың зардапты тұмауын алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 45 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 10-1/18 бұйрығымен күші жойылды
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған құстардың зардапты тұмауын алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың ветеринариялық ережесі.
2. Ветеринария департаменті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардағы және Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық басқармаларымен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен, осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мемлекеттік ветеринариялық инспекторларына жүктелсін.
4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылы 24 қаңтардағы № 63 «Құстардың инфекциялық ауруларын алдын-алу және жою бойынша Ветеринариялық ережелерді бекіту туралы» (№ 3448 нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу реестрінде тіркелген) бұйрығының 1 тармағының 1) тармақшасының күші жойылсын.
5. Осы бұйрық алаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрінің
25 қаңтардағы 2006 жылғы
№ 45 бұйрығымен бекітілген
Жоғары зардапты құс тұмауын алдын-алу және
жою жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың
ветеринариялық ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Жоғары зардапты құс тұмауын алдын-алу және жою бойынша шараларды жүргізудің ветеринарлық ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 26 бабына сәйкес, жеке және заңды тұлғалар үшін орындалуға міндетті Ветеринарлық шараларды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың тәртібін анықтайды.
2. Осы ережеде келесі түсінік қолданылады: