«Қазақстан Республикасында 2005-2008 жылдарға арналған бірінші
ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесетін Алматы қалалық
жәрдемдесу комиссиясын құру туралы»
Алматы қаласы әкімінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 216 шешімі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 10 қарашасындағы № 1119 «Қазақстан Республикасындағы 2005-2008 жылдарға арналған бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесетін республикалық комиссия, Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының 2005-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 15 ақпандағы № 247 қаулысынын күші жойылды деп тану туралы» қаулысын орындау және Қазақстан Республикасында 2005-2008 жылдары бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын уақтылы және сапалы дайындау, өткізу және оның материалдарын өңдеу мақсатында, қала әкімі шешім қабылдады:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасында 2005-2008 жылдарға арналған бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесетін Алматы қалалық комиссия (бұдан әрі «Санақ») құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған санақты өткізу жөніндегі іс-шаралар Жоспары бекітілсін.
3. Санаққа жәрдемдесу комиссиялары, қала аумағында санақты өткізу мен дайындауға байланысты мәселелерді жедел шешсін және жұмыстың орындалу барысы туралы қала әкіміне тұрақты хабарласын.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А..Бүкеновке жүктелсін.
И. Тасмағамбетов
Алматы қаласы әкімінің
2005 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 216 шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасындағы 2005-2008 жылдарға
арналған бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағына
жәрдемдесетін Алматы қалалық комиссияның құрамы
Бүкенов Қайрат Ахмадиұлы | Қала әкімінің бірінші орынбасары, комиссия төрағасы | |
Баянов Нұрман Нұрдаулетұлы | Алматы қаласының Статистика басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары | |