«Алматы қаласының бюджет комиссиясын құру туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 1/60 қаулысы
(2006.28.08. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-11 Бюджет кодексінің 64-бабы 6-тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының әкімшілігі қаулы етеді:
1. Алматы қаласының бюджет комиссиясы құрылсын (1-Қосымша).
2. Алматы қаласының бюджет комиссиясы туралы Ереже бекітілсін. (2-Қосымша).
3. Мына құжаттардың күші жойылды деп танылсын:
1) Алматы қаласы әкімшілігінің «Алматы қаласының бюджет комиссиясын құру туралы» 2002 жылғы 20 наурыздағы № 2/187 қаулысы;
2) «Алматы қаласы әкімшілігінің «Алматы қаласының бюджет комиссиясын құру туралы» 2002 жылғы 20 наурыздағы № 2/187 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Алматы қаласы әкімшілігінің 2003 жылғы 4 тамыздағы № 4/442 қаулысы.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Алматы қаласы әкімшің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
| Алматы қаласының әкімі | И. Тасмағамбетов |
| Әкімшілік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы әкімшілігінің
«Алматы қаласының бюджет
комиссиясын құру туралы»
2005 жылғы 9 ақпандағы № 1/60
қаулысына 1-қосымша
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006.28.08. № 5/1054 қаулысымен құрамы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
Алматы қаласы бюджет комиссиясының құрамы
| Тасмағамбетов Имангали Нұрғалиұлы | - Төраға, Алматы қаласы Әкімі |
| Бүкенов Қайрат Ахмадиұлы | - Төраға орынбасары, Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары |
| Қабдолов Сардар Серікұлы | - Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының орынбасары |
Комиссия мүшелері
| Заяц Яков Игнатийұлы | - Алматы қаласы Әкімінің орынбасары |
| Сманқұлов Асқар Сұлтанұлы | - Алматы қаласы Әкімінің орынбасары |
| Сейдуманов Серік Тұрарұлы | - Алматы қаласы Әкімінің орынбасары |
| Мұқашев Мәулен Шапанбайұлы | - Алматы қаласы Әкімінің орынбасары |
| Мұқашев Төлеуұлы Төлеубек | - Алматы қаласы мәслихатының хатшысы |