«2005 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы»
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 1/07 қаулысы
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005.12.12. № 5/813 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 27, 37-ші баптарына, 2001 жылы 23 қаңтардағы № 149-ІІ «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 20-шы бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын іске асыру мақсатында, Алматы қаласының Әкімшілігі қаулы етеді:
1. 2005 жылға ұйымдар және қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің қосымша берілген тізімдері бекітілсін.
2. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау Департаменті (Нұрланов А.Ж.):
қала бюджетінің 2005 жылы қоғамдық жұмыстарын өткізуге қарастырылған қаражат шегінде, 2005 жылдың қаңтар айынан жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуін жүргізсін;
қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу екінші дәрежелі банктердегі жеке есеп шоттарына аудару арқылы жүргізсін.
3. Қоғамдық жұмысқа қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы айлық ең аз 1,5 жалақы мөлшерінде белгіленсін
4. Қалалық қаржы басқармасы (Қ.Қ. Тәжібаев) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге уақытында қаражат бөлінуін қамтамасыз етсін.
5. Әділет басқармасында 2004 жылы 29 қаңтарда № 581 тіркелген, «Вечерний Алматы», «Алматы Ақшамы» газеттерінде жарыққа шыққан қала Әкімшілігінің 2004 жылы 9 қаңтарда № 1/17 «2004 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ. Бижановқа жүктелсін.
| Алматы қаласының Әкімі | И. Тасмағамбетов |
| Әкімшілік хатшысы | К. Тәжиева |