ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 587 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігінің
2006 жылғы 3 ақпандағы № 43
Бұйрығымен
бекітілген
«Темір жол көлігіндегi жүктердi тасымалдау жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар
(2007.13.02 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1. Жалпы ереже
1. Осы санитарлық ережелер және нормалар (бұдан әрі-санитарлық ережелер) азық-түлік тағамдарын, шаруашылық-ауыз суды, құрылыс материалдарын, қауіпті жүктерді, жануарлар мен мал шаруашылығы шикізаттарын теміржол көлігімен тасымалдау жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бекітеді.
2. Осы санитарлық ережелерде төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) радиациялық жүк - жүк поезында тасымалдауға қабылданған радиоактивті материал;
2) тез бүлiнетiн жүк, багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн жүк, багаж.
2. Жүктің сыртын қораптауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
3. Тасымалдауға арналған жүктің сырты қорапталып, өлшеніп, пломбы салынып және жүктің атауы оның саны, нақты салмағы (көлемі) көрсетілген белгісі болуы керек. Жүктің сыртқы қорапталуы бүтін болып немесе зақымдалған ізі болмауы керек. Жүктің түріне байланысты теміржол көлігіндегі ілеспе құжат (бұдан әрі-ілеспе) рәсімделуі керек.
4. Көліктік таңба тікелей жүкке белгі қойылатын жерде жапсырма қағаздың көмегімен немесе үлгі арқылы сырлау, сумен жуылмайтын және кез-келген бетте жақсы ұсталынатын, жойылмайтын, қабатталып үгітіліп түспейтін, күннің сәулесіне шыдамды сыр жағу арқылы жүргізіледі.
5. Белгілер жазба түрінде, әріптермен, сандармен, суреттермен (нышандармен) белгіленеді. Белгінің түсі жүктің немесе қорабының сыртқы түсіне қарағанда қарама-қарсы болуы керек.
6. Жүк тиелген көлік құралдарына пломба салынуы керек.