Введите номер документа
Прайс-лист

«Темір жол көлігіндегі объектілер мен жүктерді тасымалдау жағдайы жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 43 Бұйрығы (2007.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) (күші жойылды)

Информация о документе
Датапятница, 3 февраля 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 7 октября 2010

Темір жол көлiгіндегі объектiлер мен жүктердi тасымалдау жағдайы
жөніндегі санитарлық- эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 3 ақпандағы № 43 Бұйрығы

(2007.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 3 тамыздағы № 587 Бұйрығымен күші жойылды

 

 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7 - бабының 10) тармақшасына және 17 - бабының 1) тармақшасына сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған:

1) «Жүк вагондарын техникалық қарау пункттерiн күтiп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»;

2) «Темір жол станцияларындағы санитарлық-карантиндік тұйықтардың аумағын күтiп-ұстауға және карантин енгізу кезінде вагондарды медициналық қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»;

3) «Темір жол көлiгіндегі жүктердi тасымалдау жағдайына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелерi мен нормалары бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Б.С. Байсеркин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінiң Ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Д.В. Акрачкова) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице - министрі, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А. Белоногқа жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

Е. Досаев

 

 «КЕЛІСІЛГЕН»

Қазақстан Республикасының

Көлiк және коммуникация

 министрі

_________________ А. Мамин

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігінің

 2006 жылғы 3 ақпандағы № 43

 Бұйрығымен

бекітілген

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом