«Салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты және олардың түсуін
бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
құрылымдық бөлімшелерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 16 наурыздағы
№ 83 бұйрығы
«Салыққа жатпайтын түсiмдердi өндiрiп алуға жауапты және олардың түсуiн бақылауды жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік органдардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 1303 қаулысын іске асыру мақсатында бұйрамын:
1. Мынадай:
1) осы бұйрыққа № 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік бюджетке түсетін салыққа жатпайтын түсімдерді өндіріп алуға жауапты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі;
2) осы бұйрыққа № 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік органдардың мемлекеттік бюджетке түсетін салыққа жатпайтын түсімдердің толықтығы мен уақытылығын қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.
3. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2005 жылғы 16 наурыздағы
№ 83 бұйрығына
1-қосымша
Бюджетке түсетін салыққа жатпайтын түсімдерді
өндіріп алуға жауапты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі
№ р/р | ҚРҚМ құрылымдық бөлімшелерінің атауы | Салыққа жатпайтын түсімдердің атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | ММЖК | Республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден алынатын кірістер |
2 | ҚК | Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің депозиттері бойынша сыйақылар (мүдделер) |
3 | ҚК | Депозиттерге уақытша бос бюджет ақшасын орналастырудан алынатын сыйақылар (мүдделер) |
4 | ҚК | Екінші деңгейдегі банктердің шоттарында мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастыру үшін сыйақылар (мүдделер) |