«Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтік ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 18 Бұйрығы
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының м.а. 2009 жылғы 19 қазандағы № 306 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Қазақстан Республикасында жалпы су пайдаланудың типтік ережелері бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Комитет төрағасының орынбасары Ә.Кеншімовке жүктелсін.
3. Осы бұйрық, бұның бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбектік он күннің ішінде күшіне енеді.
Төраға міндеттерін
атқарушы
Келісілді:
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі 7 ақпан 2006 жыл | Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы 7 ақпан 2006 жыл |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік бақылау комитетінің төрағасы 6 ақпан 2006 жыл | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы 3 ақпан 2006 жыл |
Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігінің Орман
және аңшылық шаруашылығы
Комитетінің төрағасы
3 ақпан 2006 жыл
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Су ресурстары жөніндегі
комитетінің төрағасының
2006 жылғы 9 ақпандағы
№ 18 бұйрығымен Бекітілген
Жалпы су пайдаланудың типтік ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жалпы су пайдаланудың типтік ережелері Қазақстан Республикасының Су кодексінің 37-бабы 1 тармағының 5) тармақшасы негізінде әзірленді.
2. Жалпы су пайдалануға жататын су объектілері:
техникалық құралдарды қолданбай жер үсті су көздерінен су алу кезінде;
күшті су тасқыны қаупін туғызатын су объектілерінен басқа, жалпы демалу, туризм және спорттық нысандарды қайта қалпына келтіру мақсаттарында;