Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы» 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 435 және «Жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы» 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 436 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 18 ақпандағы № 10 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 Қаулысымен 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және жинақтаушы зейнетақы қорларының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу жөніндегі бақылау іс-шараларын орындау мерзімдерін айқындау қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының автоматтандырылған ақпарат жүйесіне енгізілген қосалқы бухгалтерлік есепті және Бас бухгалтерлік кітапты жүргізу туралы» 2003 жылғы 6 желтоқсандағы № 435 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2658 тіркелген, 2004 жылғы 20 қаңтарда "Казахстанская правда" газетінің № 11 жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары 2006 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде өздерінің автоматтандырылған ақпарат жүйелерін осы қаулының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келтірсін.