«Рейтинг агенттіктерінің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасының
резидент емес қайта сақтандыру ұйымы үшін рейтингті анықтау шарттары туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 29 қазандағы № 384 Қаулысы
Осы редакция 200 ж. 25 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сай Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымының қаржылық сенімділік рейтингін анықтайтын рейтинг агенттіктерінің тізбесі және осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының резиденті емес қайта сақтандыру ұйымы үшін рейтинг анықтау шарттары бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
1-қосымшаның 5-тармақшасы, 1-тармақтың 2) тармақшасы және 2-қосымшаның 3-тармағының жетінші абзацы 2006 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады.
3. Осы қаулының 3-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.