Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы
арасындағы «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасы»
бойынша бірнеше елді қамтитын бағдарламалар жөніндегі қаржылық келісімге
Қазақстан Республикасы Yкіметінің түсіндіру туралы мәлімдемесi
ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 24 наурыздағы № 201 Қаулысымен мақұлданды
Еуропалық тараптың түсіндірмелерін негізге ала отырып, қазақстандық тарап Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы арасындағы «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасы бойынша» бірнеше елді қамтитын бағдарламалар бойынша қаржылық келісімнің (бұдан әрі - Қаржылық келісім) кейбір нормаларын мынадай тәртіппен түсінетін болады.
1. «ТАСИС іс-қимылдарының 2004 жылға арналған өңірлік бағдарламасының» атауындағы «2004» деп тараптармен келісілген жобаларды болашақта іске асыру үшін еуропалық тарап Еуропалық Қоғамдастықтардың бюджетінде қаражат көздеген жыл түсініледі.
2. Қаржылық келісімнің 2-бабында көзделген қаржы қаражатын Еуропалық Қоғамдастықтар Комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) Қаржылық келісімнің II қосымшасында көзделген міндеттерді іске асыру үшін Комиссия айқындаған үшінші тұлғаларға береді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) көрсетілген қаржы қаражатын алмайды және оларды басқаруға қатыспайды.
3. Қаржылық келісімнің 3-бабының 3.1-тармағының ережесі Үкімет бағдарламаға қаржылай үлес қоспайды және 7-баптың 7.2-тармағының нормаларына сәйкес бұл ереже Қаржылық келісімнің І қосымшасының 2-бабының 2.2 және 2.3-тармақтарындағы ережелерден басым болады дегенді білдіреді.
4. Қаржылық келісімнің 8-бабының 8.1-тармағының 8.1.1) тармақшасында көрсетілген «3.1-бап» Қаржылық келісімнің І қосымшасының 3-бабының 3.1-тармағына сілтеме дегенді білдіреді.