«Оңалту рәсімін өткізу қорытындылары бойынша медетші басқарушының
қорытынды есебін келісу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті Төрағасының 2006 жылғы 20 наурыздағы № 17 Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 2 қарашадағы № 373 Бұйрығымен күші жойылды
«Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған оңалту рәсімін өткізу қорытындылары бойынша міндетші басқарушының қорытынды есебін келісу ережесі бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау белгіленген міндеттерді бөлуге сәйкес жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті Төрағасының орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бұйрық ресми бұқаралық ақпарат құралдарында бірінші жарияланған күнінен 10 күнтізбелік күн өткен күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен
жұмыс комитеті төрағасының
2006 жылғы 20 наурыздағы
№ 17 бұйрығымен бекітілген
Оңалту рәсімін өткізу қорытындылары бойынша
медетші басқарушының қорытынды есебін келісу
ережесi
1. Осы Оңалту рәсімін өткізу қорытындылары бойынша, медетші басқарушының қорытынды есебін келісу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің оның аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) оңалту рәсімін өткізу қорытындылары бойынша медетші басқарушының қорытынды есебін (бұдан әрі - қорытынды есеп) келісу тәртібін белгілейді.
3. Қорытынды есепті міндетті басқарушы жасайды және осы Ережеге қосымшаға сәйкес белгіленген нысанға сәйкес келуге тиіс.
4. Қорытынды есепке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс: