Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған
сауда-саттығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігінің 2004 жылғы 10 қыркүйектегі № 212 бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 6 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасында электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру және жұмыс істеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Электр энергиясы және қатты отын Департаменті (Н.Б.Бертісбаев) осы Ереженің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттық рыногының операторы коммерциялық диспетчерлеу бойынша қызмет көрсетеді және электр энергиясының көтерме сауда рыногындағы электр энергиясын жеткізу-тұтынудың тәуліктік кестесін құру мен 2005 жылғы 1 шілдеге дейін электр энергиясының көтерме сауда рыногында сатып алу-сатудың нақты балансын жасау жөніндегі функцияларды орындайды деп белгіленсін.
4. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап, орталықтандырылған сауда-саттықта сатылуы тиіс болатын, электр энергиясын сатып алу-сатудың мынадай көлемдері белгіленсін:
1) энергия өндіруші ұйымдар көтерме сауда рыногында электр энергиясын сату көлемінен 30 % дейін;
2) энергиямен жабдықтаушы ұйымдар - кепілді жеткізушілерге өз тұтынушыларына босатылған электр энергиясы көлемінің 50 % дейін.
5. 2005 жылғы 1 қаңтарына дейін орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алу-сатудың мынадай көлемдері белгіленсін:
1) энергия өндіруші ұйымдар көтерме сауда рыногында электр энергиясын сату көлемінен 5 % дейін;
2) өңірлерге электр энергиясын жеткізуді кепілдендіруші, энергиямен жабдықтау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар өз тұтынушыларына босатылған электр энергиясы көлемінің 10 % дейін.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Б.Е.Оразбаевқа жүктелсін.
7. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің