Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 11 октября 2001
Статус
Утратил силу
утратил силу с 28 августа 2015

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 11 қазандағы № 701 Жарлығы

 

ҚР Президентінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 79 Жарлығымен күші жойылды

 

«Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілдер комиссиясы туралы уақытша ереже туралы» Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің 2001 жылғы 31 мамырдағы № 10 шешіміне сәйкес қаулы етемін:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы ереже бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Yкіметі Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі мен оның аппаратын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2001 жылғы 11 қазандағы

№ 701 Жарлығымен

Бекітілген

 

Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық

қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық қоғамдастық жанындағы Тұрақты өкілі (бұдан әрі - Тұрақты өкіл) Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және қызметтен босататын лауазымды адам болып табылады.

Тұрақты өкіл өз қызметінде Қазақстан Республикасының Президентіне, Yкіметіне және Сыртқы істер министрлігіне есеп береді.

2. Тұрақты өкіл лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісіне теңестіріледі.

Тұрақты өкілге «Дипломатиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дипломаттық дәреже беру туралы ереже қолданылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами