«Монополиялық табысты айқындау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің
2005 жылғы 14 қыркүйектегі № 302 Бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 10 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2003-2006 жылға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылдың 5 қыркүйегіндегі № 903 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Монополиялық табысты айқындау ережесі бекітілсін.
2. Аппарат - Әкімшілік-құқықтық жұмыстар департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Бірінші вице-министр И. Кравченкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Орынбасары - Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің Орынбасары -
Индустрия және сауда Министрінің
2005 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 302 бұйрығымен бекітілген
Монополиялық табысты айқындау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Монополиялық табысты айқындау ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы", "Жосықсыз бәсеке туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленді.
2. Осы Ереженің мақсаты монополиялық табысты есептеу тәртібін айқындау болып табылады.
3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
монополистік қызмет - рынок субъектілерінің, мемлекеттік органдардың бәсекелестікке жол бермеуге, оны шектеуге немесе жоюға бағытталған және (немесе) тұтынушылардың заңды мүдделерін кемсітетін осы Заңға қайшы іс-әрекет (әрекетсіздік);