Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын
қолдану ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі
төрағасының 2002 ж. 28 қазандағы № 216-НҚ бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 24 сәуірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының "Жосықсыз бәсеке туралы" 1998 жылғы 9 маусымдағы, "Табиғи монополиялар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі және "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңдарын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Заңнама және тұрғын үй-коммуналдық қатынастарды реттеу департаменті (А.Т.Рахымжанов) Ережені заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Әкімшілік жұмысы департаменті (М.А.Токарева):
заңдарда белгіленген тәртіппен Ережені ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
Ережені Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. "Монополияға қарсы заң бұзушылықтарға монополияға қарсы ден қою шараларын қолдану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 15-НҚ бұйрығының күші (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміндегі нөмірі 793) жойылды деп танылсын.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының орынбасары А.К.Әміринге жүктелсін.
6. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті
қорғау жөніндегі агенттігінің
2002 жылғы 28 қазандағы