Введите номер документа
Прайс-лист

«Рh.D. докторларын дайындауға арналған қаржылық нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 211 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датавторник, 25 апреля 2006
Статус
Утратил силу
утратил силу с 6 августа 2013

Рh.D. докторларын дайындауға арналған қаржылық нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 25 сәуірдегі № 211 бұйрығы

 

ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 шілдедегі № 252 бұйрығымен күші жойылды

 

Эксперименталдық білім беру бағдарламаларының шеңберінде Рh.D докторларын дайындауға арналған республикалық бюджеттің қаражаттарын ретке келтіру және оңтайлы пайдалану мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) 1-қосымшаға сәйкес шетелдік ұйымдарда тағылымдамада (көшпелі іссапарда) жүрген Рh.D. докторларына тұрғын үйді жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормалары;

2) 2-қосымшаға сәйкес Рh.D. докторларын дайындауға арналған шығыстардың Үлгілік құрылымы бекітілсін.

2. Бюджеттік департаменті (Т А. Нұрғожаева):

осы бұйрықты белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін;

осы бұйрықты жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Х.Өтеулинаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Министр

Б. Әйтімова

 

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2006 жылғы 25 сәуірдегі

№ 211 бұйрығына 1-қосымша

 

Шетелдік ұйымдарда тағылымдамада (көшпелі іссапарда)

жүрген Ph.D. докторларының шығыстарын өтеу нормалары

 

Нормалардың атауы

 

1

Тәуліктік

Шетелдерде қысқа мерзімде іссапарда жүрген қызметкерлерге тәуліктік жөніндегі шығыстарды өтеу нормасынан 50% мөлшерінде («Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шетелдік іссапарларға валюталық қаражаттың жұмсалуын ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 11 ақпандағы № 148 қаулысы)

2

Оқу процесі кезінде тұру

Құжатпен расталған нақты шығыстар бойынша, бірақ айына 1500 АҚШ долларына баламалы сомадан артық емес

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами