Алматы қаласындағы жер салығының мөлшерлемелерін бекіту туралы
IІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XІХ сессиясының
2005 жылғы 18 қарашадағы № 193 шешімі
Алматы қаласы мәслихатының 2009 жылғы 30 қазандағы № 253 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 332, 333, 337 және 338 бабының 1 тармағына сәйкес ІІІ-сайланған Алматы қаласы Мәслихаты шешім қабылдады:
1. Алматы қаласындағы жер салықтарының мөлшерлемелері бекітілсін:
Алматы қаласы бойынша (жерді аймақтарға бөлу жобасына сәйкес) № 1 қосымша;
Үй іргесіндегі жер учаскелеріне, 1000 шаршы метрден асатындарға, № 2 қосымша;
автотұрақтар, жанармай құю бекеттері және базарлар орналасқан жер телімдері үшін, № 3 қосымша.
2. ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы кезектен тыс ХХІ-сессиясының «Алматы қаласындағы жер салығының төлемдерінің мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімнің (2002 жылғы 29 желтоқсанда № 503 тіркелген, «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) және ІІІ-сайланған Алматы қаласы Мәслихатының 2003 жылғы 24 желтоқсандағы ІV-сессиясының «ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихатының 2002 жылғы 28 желтоқсандағы кезектен тыс ХХІ-сессиясының «Алматы қаласындағы жер салығының төлемдерінің мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 22 (2003 жылғы 31 желтоқсанда № 575 тіркелген, «Алматы Ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын.
3. Осы шешім күшіне 2006-жылғы қаңтардың 1-інен кіреді.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссияға (А.И. Шелипанов) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е. Баеділовке жүктелсін.
ІІІ сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының ХІХ-сессиясының
ІІІ-сайланған Алматы қаласы
Мәслихатының хатшысы | Т. Мұқашев |