«Алматы қаласы Алмалы ауданының 70 жылдығын мерекелеуге дайындық туралы»
Алматы қаласы Әкімінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 92-ө Өкімі
Жеткіншек ұрпақтың қазақстандық патриотизмін өзінің туған қаласына деген сүйіспеншілігіне ұластыру мақсатында,
1. Алматы қаласы Алмалы ауданының 70 жылдығын мерекелеуге дайындық және оны өткізу бойынша ұсынылған шаралар жоспары бекітілсін.
2. Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі (Сафуллин А.Т.) Алматы қаласы Алмалы ауданының 70 жылдығын мерекелеуге арналған шаралардың бұқаралық-ақпарат құралдарында кеңінен жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы өкімінің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С.Т. Сейдумановқа жүктелсін.
Алматы қаласының әкімі | И. Тасмағамбетов |
Бекітілді
Алматы қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 22 мамырдағы
№ 92-ө Өкімімен
Алматы қаласы Алмалы ауданының 70 жылдығын мерекелеуге
дайындық және оны өткізу бойынша шаралар
Жоспары
р/№ | Шаралар | Орындауға жауапты | Орындау мерзімі |
1. | ауданның еңбек сіңірген құрметті азаматтарына, өндіріс озаттарына және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсету, зейнеткерлерге, мүгедектерге, көпбалалы отбасыларына және басқа да халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына арналған қайырымдылық акцияларын, мерекелік түскі астар ұйымдастыру, азық-түліктер және өзге де сыйлықтар беру, отандық тауарөндірушілер тауарларының жәрмеңкесін, спорттық жарыстар, суретшілердің шығармаларының көрмелерін, конкурстар өткізу | Алмалы ауданының әкімі, Спорт және дене тәрбиесі басқармасы, Мәдениет департаменті | 2006 жылдың мамыр-қазан айлары |
2. | Аудан кітапханаларында «Алматы қаласы Алмалы ауданының 70 жылдығы туралы» көрмелер ұйымдастырылсын | Алмалы ауданының әкімі, Мәдениет департаменті | 2006 жылдың мамыр-қазан айлары |