«Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын
аулаудың 2006 жылға арналған лимиттерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 қаңтардағы № 50 Қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулаудың 2006 жылға арналған лимиттері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен балық және басқа су жануарларын аулау квоталарын бекітілген лимиттер негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 25 қаңтардағы
№ 50 қаулысымен бекітілген
Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және су жануарларын
аулаудың 2006 жылға арналған лимиттері
| Балық және басқа су жануарларының түрлері | Балық шаруашылығы су тоғандарында балық және басқа су жануарларын аулау лимиттері (тоннада) |
| Жайық-Каспий бассейні |
| Жайық өзені | Саға- лық кеңіс- тігі бар жаға- лаулық теңіз- ден балық аулау | Қиғаш өзені | Сағалық кеңіс- тігі бар жаға- лаулық теңіз- ден балық аулау | Каспий теңізі | Барлығы |
| Бекіре тәріз- ділер, соның ішінде: | 175,5 | - | 4,5 | - | 15,0* | 195,0 |
| қортпа | 41,2 | - | 0,8 | - | 4,0 | 46,0 |
| шоқыр | 104,7 | - | 1,2 | - | 6,5 | 112,4 |
| бекіре | 28,6 | - | 2,5 | - | 3,5 | 34,6 |
| пілмай | 1,0 | - | - | - | 1,0 | 2,0 |
| қаракөз | 600 | 300 | 550 | 150 | 100 | 1700 |
| ірі шағын, оның ішінде: | 5850 | 2870 | 2800 | 2350 | 350 | 14220 |
| көксерке | 1000 | 550 | 80 | 80 | 20 | 1730 |
| сазан | 200 | 620 | 400 | 400 | 200 | 1820 |
| табан | 4000 | 1250 | 1900 | 1090 | 100 | 8340 |
| ақмарқа | 450 | 200 | 20 | 20 | 30 | 720 |
| жайын | 150 | 200 | 300 | 360 | - | 1010 |
| шортан | 50 | 50 | 100 | 400 | - | 600 |
| ұсақ шағын, жергілікті және қолтық балықтар | 100 | 300 | 650 | 1250 | 50 | 2350 |