«Алматы қаласындағы зираттарда адамдарды жерлеу және
күтіп-ұстау жөніндегі ережелерді бекіту туралы»
Алматы қалалық Мәслихатының шешімі І сайланған XVIII сессияның
1998 жылғы 25 наурыздағы шешімі
«Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының І-тармағына сәйкес, І сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
Алматы қаласындағы зираттарда адамдарды жерлеу және күтіп ұстау жөніндегі ережелер бекітілсін, беріліп отыр.
І-сайланған Алматы
қалалық Мәслихаты
XVIII сессиясының төрағасы
І-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының хатшысы
1998 жылғы 25 наурыздағы
І сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының XVIII сессияның
шешіміне қосымша
Алматы қаласында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау
ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы ережелер
1.1. Алматы қаласының зираттары жерлеу рәсімін атқаратын арнайы кәсіпорын қарамағында.
1.2. Бейіт іші жол, жаяусоқпақ, гүлзарларға бөлшектенген және қабырлар қатарға бөлінген.
1.3. Бейіт әкімшілігінде, кіре берісте келіп-кетушінің ережесі, зират жұмыс тәртібі, бейіт ішкі құрылыс-суреті және атқаратын әдет-ғұрыптық қызмет бағасы жазылған баға көрсеткіш болуы шарт.
1.4. Жерлеу рәсімі күнде өткізіледі.
ІІ. Жерлеу тәртібі
2.1. Бейіт әкімшілігі тағайындаған уақытында марқұмды жерлеу парыз.