«Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан
Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары
болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету,
оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет
мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе
орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 30 шілдедегі № 271 қаулысы
Осы редакция 2006 ж. 17 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1, 34-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резиденттерінің-эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;