«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2006 жылғы 21 маусымдағы № 182 Бұйрығы
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығымен күші жойылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа алып, бұйырамын:
1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 1723 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 9-10, 544-құжат, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 27 мамырдағы № 155, 2004 жылғы 24 тамыздағы № 240, 2005 жылғы 12 мамырдағы № 128 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарға қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
15-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Түрмені қадағалау жоспарына режімдік корпустардың әрбір қабатының жоспарлары да, оларға қадағалау бекеттері енгізіле отырып кіреді.»;
23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Түрмелерде нұсқамалық жүргізу кезінде, бұдан басқа, уақытша бекеттерді, сондай-ақ бақылау тінтулері мен техникалық тексерістер жүргізілуі тиіс камералардың нөмірін қою арқылы күзетті күшейту жөніндегі нақты шаралар және басқа да өкімдер аталады.»;