Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы № 154 бұйрығы
(2010.22.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 29 наурыздағы № 182 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Әділет министрінің 2005.12.05. № 128 бұйрығымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі түзеу мекемелерінің қызметін бұдан әрі жетілдіру қылмыстық-атқару заңнамасын жүзеге асыру мақсатында бұйырамын:
1. Түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині қылмыстық-атқару жүйесі Комитетіне, осы Ережелердің іс жүзінде қатаң қолдануы қамтамасыз етілсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ҚАЖ Комитетінің төрағасына жүктелсін.
4. Бұйрық 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске енеді.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Бас прокурорының
орынбасары
2001 жылғы 19 желтоқсан
Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2001 жылғы 11 желтоқсандағы
№ 154 бұйрығымен бекітілген
ҚР Әділет министрінің м.а. 2010.26.10. № 292 Бұйрығымен барлық мәтіндегі «түрмелерде» деген сөзден кейін «, жабылатын үй-жайларымен түзеу мекемелердің (камераларда ұстауымен)» деген сөздермен және «ТБКК» аббревиатурасынан кейін «, ТМБКК» аббревиатурасымен толықтырылды (бұр.ред.қара); ҚР Әділет министрінің 2010.22.12. № 341 Бұйрығымен барлық мәтін бойынша «ҚАЖКБ» деген сөздер «ҚАЖК ҚАЖД» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдарды
қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық