«Алматы қаласының аула клубтары туралы»
Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 23 желтоқсандағы № 5/812 қаулысы
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 8 шілдедегі № 3/885 қаулысымен күші жойылды
Алматы қалалық Мәслихатының II шақырылған ХХ-шы сессиясының шешіміне сәйкес, сондай-ақ жастар мен жасөспірімдердің тұрған жерлерінде жұмысты ұйымдастыру жөніндегі алдыңғы кезектегі шараларды жүзеге асыру мақсатында және Алматы қаласындағы мемлекеттік жастар саясатын өткізу жолдарын жетілдіру қажеттілігіне байланысты, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қаладағы аула клубтарының ережесі бекітілсін (қосымшасы қоса беріледі).
2. Аудан әкімдері, Алматы қалалық коммуналдық меншікті басқару департаменті (Л.И. Никоноров) аулалық клубтарды құру үшін бос жайларды іздестірсін.
3. Аудан әкімдері олардың ведомстволық аумағындағы аула клубтарының жайларына коммуналдық қызмет көрсетуге көмек берсін.
4. Қалалық Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры (А.Б. Құдайбергенов) жұмыс істеп жатқан және жаңадан құрылған аула клубтарына қажетті жөндеу-құрылыс жұмыстарын қаржыландыруды, аула клубтарының директорларына еңбек жалақысын төлеуді, және қажетті құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етсін.
5. Алматы қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті (А.Ж. Нұрланов) аудандық жұмыспен қамту орталықтары арқылы қоғамдық жұмыстарға бөлінген қаражат есебінен аула клубтарының штаттағы педагогтарына еңбек жалақысын төлеуді қамтамасыз етсін.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.З. Мурзинге жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі | В. Храпунов |
Әкімшілік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қалалық әкімшілігінің
2002 жылғы «23» желтоқсандағы
№ 5/812 қаулысына қосымша
Қалалық аула клубтары туралы
ереже
1. Жалпы ережелер