«Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар
қалалары әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы»
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2006 жылғы
22 тамыздағы № 71/136 қаулысы
Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің 2006 жылғы 20 қазанға тағайындалған сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын қара
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» 2006 жылғы 6 маусымдағы № 130 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. 2006 жылғы 20 қазанға Қазақстан Республикасының мынадай әкімшілік-аумактық бөліністерінде аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау тағайындалсын:
Ақмола облысының Ақкөл, Есіл, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын аудандары және Степногорск қаласы;
Ақтөбе облысының Әйтеке би, Алға, Ырғыз және Ойыл аудандары;
Алматы облысының Балқаш, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, Райымбек аудандары және Текелі қаласы;
Атырау облысының Қызылқоға және Мақат аудандары;