«Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары
әкімдерінің 2006 жылғы 20 қазанға тағайындалған сайлауын дайындау мен
өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2006 жылғы
22 тамыздағы № 71/137 қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 12-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары әкімдерінің 2006 жылғы 20 қазанға тағайындалған сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары (бұдан әрі - Күнтізбелік жоспар) бекітілсін.
2. Күнтізбелік жоспар сайлауды өткізуді ұйымдастыру үшін облыстық сайлау комиссияларына жіберілсін.
3. Күнтізбелік жоспар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау
комиссиясының төрағасы | О. Жұмабеков |
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2006 жылғы 22 тамыздағы
№ 71/137 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аудандары, облыстық маңызы бар қалалары
әкімдерінің 2006 жылғы 20 қазанға тағайындалған сайлауын дайындау мен
өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
1. Тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлау күні туралы хабарды жеткізу.
Аумақтық сайлау комиссиясы
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей.
(10-тармақ)
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында тиісті аумақтық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.
Аумақтық сайлау комиссиясы.
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей.
(8-тармақтың 1), 7)-тармақшалары)
3. Әкімдікке кандидаттарды балама негізде облыс әкімінің ұсынымы мен кандидаттардың тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің аумағында әкімдікке кандидаттар ретінде дауысқа түсуге келісетіні туралы өтініштерді беруі арқылы ұсыну.
Облыс әкімі.