«Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін еңбек қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі
ережелерді бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің
2006 жылғы 3 тамыздағы № 188 Бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 2008 жылғы 30 мамырдағы № 173 бұйрығымен күші жойылды
«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 ақпандағы Заңының 7-бабы, 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1182 қаулысымен бекітілген мемлекеттік органдардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу мен бекіту ережелеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Кино көрсетуші кәсіпорындар үшін еңбекті қорғау жөніндегі ережелер бекітілсін.
2. Өнер департаментінің директоры В.Ә. Күзембаев:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.М. Әлиевке жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2006 жылғы 3 тамыз | КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 2006 жылғы 3 тамыз |
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрінің
2006 жылғы 3 тамыздағы
№ 188 бұйрығымен бекітілген