Табиғи монополиялар субъектілерінің персоналы санының нормативтерін бекіту ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
2006 жылғы 4 тамыздағы № 188-НҚ Бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы № 93-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілері персоналының саны нормативтерінің ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Электр және жылу энергетикасы саласындағы реттеу мен бақылау департаменті (А.В. Шкарупа) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.О. Есіркепов) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін:
1) оны заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Н.Ш. Алдабергеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛГЕН:
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
2006 жылғы 17 тамыз
Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды
реттеу агенттігі төрағасының
2006 жылғы 4 тамыздағы
№ 188-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің персоналы
санының нормативтерін бекіту ережесі
1. Жалпы ережелер