Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы «Алматы қаласы
әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі
комиссия туралы» № 2/230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Алматы қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қыркүйектегі № 6/1078 қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 12 шілдедегі № 5/760 қаулысымен күші жойылды
Жұмыс сипатының өзгеруіне, сондай-ақ көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қалалық комиссияның жекелеген мүшелерінің қаладан тысқары жаққа кетуіне байланысты, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес Алматы қаласы әкімдігі қаулы етеді:
1. Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы «Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы» № 2/230 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Реестрінде 2004 жылғы 16 сәуірде тіркелді - № 591, «Вечерний Алматы» газетінің 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 77-78 сандарында, «Алматы Ақшамы» газетінің 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 46 санында жарияланды, Алматы қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 11 сәуірдегі «Алматы қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 наурыздағы «Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі комиссия туралы» № 2/230 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» № 2/198 қаулысымен өзгеріс енгізілді, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Реестрінде 2005 жылғы 20 сәуірде тіркелді - № 650, «Вечерний Алматы» газетінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 86-88 сандарында, «Алматы Ақшамы» газетінің 2005 жылғы 26 сәуірдегі № 47 (№ 34-37) санында жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берілсін.
2. Комиссияның өзгерген дербес құрамы белгіленген тәртіпке сәйкес Алматы қаласы мәслихатының бекітуіне ұсынылсын.