«2006 жылға арналған Алматы қаласының бюджеті туралы» IІІ сайланған
Алматы қалалық Мәслихатының XX сессиясының
2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 202 шешімі
(2006.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 26 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
IІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының XXІ сессиясының 2006.16.01. № 221; 2006.28.02. № 227; XXII сессиясының 2006.15.03. № 240 (бұр.ред.қара); XXIII сессиясының 2006.15.05. № 244 (бұр. ред. қара); 2006.26.07. № 259 (бұр. ред. қара) шешімдерімен 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Алматы қаласының 2006 жылға арналған бюджеті № 1 қосымшаға сәйкес мынадай мөлшерде бекітілсін:
кірістер - 146 599 137 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 97 999 180 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 1 627 446 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 14 737 819 мың теңге;
республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттердің түсімі - 32 234 692 мың теңге;
шығындар - 153 401 197 мың теңге;
операциялық сальдо - -6 802 060 мың теңге;
4) таза бюджеттік кредит беру - -2 084 500 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 084 500 мың теңге;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 482 766 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 1 020 766 мың теңге;
мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер - 538 000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығы - -5 200 326 мың теңге;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 5 200 326 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімі - 6 194 900 мың теңге;
қарызды өтеу - 2 386 834 мың теңге;
бюджеттік қаражат қалдықтарының айналысы - 1 392 260 мың теңге.
2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен түсімдер есебінен құралады деп белгіленсін:
- жеке табыс салығынан;
- әлеуметтік салықтан;
- заңды және жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салықтардан;
- жер салығынан;
- бірыңғай жер салығынан;
- заңды және жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтардан;