«Коммуналдық меншікке жатқызылған нысандарға қатысты концессиялар
бойынша комиссия құру туралы»
Алматы қаласы Әкімдігінің 2006 жылғы 3 қазандағы № 6/1168 қаулысы
Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» және «Концессия мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі қаулы етеді:
1. Коммуналдық меншікке жатқызылған нысандарға қатысты концессиялар бойынша комиссия құрылсын (бұдан әрі Комиссия).
2. Қоса берілгендер бекітілсін:
1) Комиссия құрамы;
2) Комиссия туралы Ереже.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.
Алматы қаласының Әкімі | И. Тасмағамбетов |
Әкімдік хатшысы | К. Тәжиева |
Алматы қаласы Әкімдігінің
2006 жылғы 3 қазандағы
№ 6/1168 қаулысымен бекітілген
Коммуналдық меншікке жатқызылған нысандарға қатысты
концессиялар бойынша комиссиясы туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Коммуналдық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Алматы қаласының әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия концессиялық жобаларды қарау және іріктеу үшін құрылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық кесімдерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
4. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) концессиялық жобаларды қарау және іріктеу;
2) конкурсқа қатысушылар берген барлық конкурстық өтінімдерді қарау;
3) концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізу;
4) концессионер таңдау жөніндегі конкурстың қорытындылары бойынша концессиялық жобаларды бекіту болып табылады.
5. Комиссия өз міндеттеріне сәйкес:
1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазакстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін Комиссия отырыстарына шақыруға және тыңдауға;