«Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы
резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы
қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі
есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды
шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен
қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 23 қыркүйектегі
№ 214 қаулысы
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.30.03. № 75 Қаулысымен күші жойылды
«Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-1, 34-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы күшіне енген күннен бастап мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Депозитарлық қолхаттарды немесе базалық активі Қазақстан Республикасы резидент эмитенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары болып табылатын өзге де бағалы қағаздарды шығару жөнінде хабардар ету, оларды орналастыру қорытындылары жөніндегі есепті беру, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағында туынды бағалы қағаздарды шығаруға немесе орналастыруға рұқсат беру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 30-шілдедегі № 271 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3833 тіркелген);