Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігі Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п «Инвестициялар мемлекеттік қолдауының кейбір мәселелері туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар комитеті Төрағасының 2006 жылғы 3 қарашадағы № 83-п Бұйрығы
ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығымен күшi жойылды
Инвестициялық преференцияларды алуға арналған өтінімге қоса берілген құжаттарға қойылатын талаптарды жеңілдету мақсатында, 2003 жылғы 8 қаңтардағы № 373 «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының 2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п «Инвестициялар мемлекеттік қолдауының кейбір мәселелері туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2222 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және басқа мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 23-24, 850-бап, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4330 болып тіркелген, 2006 жылғы 18 тамызда № 151 (957) Заң газетінде жарияланған, «2003 жылғы 18 наурыздағы № 18-п Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда Министрлігінің Инвестиция комитеті Төрағасының бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Инвестиция комитеті төрағасының 2006 жылғы 20 шілдедегі № 54-п бұйрығымен өзгеріс енгізілді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Тіркелген активтерге инвестициялар сомасы 60 мың айлық есептік көрсеткіштен асатын инвестициялық жобаның бизнес-жоспарын дайындау жөніндегі нұсқаулық (2-қосымша);»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын: