III сайланған Алматы қаласы
мәслихаты ХХҮІ сессиясының
2006 жылғы 20 қарашадағы
№____шешімімен бекітілген
«Алматы қаласының өзендері мен су айдындары»
өңірлік бағдарламасы
Алматы қаласы, 2006 жыл
1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
2. КІРІСПЕ
3. Алматы қаласының бассейіндік өзендері және су айдындарын жағдайын талдау
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары және жүзеге асыру тегершілігі
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржылардыру көздері
7. Бағдарлама шаралардың әлеуметтік экономикалық тиімділігі
8. «Алматы өзендері және су айдындары» бағдарламасының І кезеңін
жүзеге асыру шараларының жоспары
1. БАҒДАРЛАМА ТӨЛҚҰЖАТЫ
Аталуы | «Алматы қаласының өзендері мен су айдындары» өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) |
Әзірлеу үшін негіздеме | Шағын өзендердің ен даладағы сутұтқыш бассейндерін жеделдетіп игеруге орай құрылыстар өзеннің жағасына өте жақын келді, осының салдарынан өзеннің арнасы суға толып, оларды басып қалатын болды. Өзен арнасының жағасындағы жасыл желектер азайып, су арнасы өзінің қаладағы сауықтыру қызметін жоғалтып алды, өзен арнасының жағасындағы демалатын орындар жоғалып, оның орнына қоқыстар пайда бола бастады, осының салдарынан өзендер жаппай техногендік ықпалға ұшырады, сөйтіп осы өзендердің экологиялық жүйелеріне ерекше зиян келтірді. Экологиялық жағдайды жақсарту, табиғи апатты болдырмау және арналардың аумағын көріктендіру мақсатында Алматы қаласының әкімдігі 2006 жылдың 28 маусымында «Алматы қаласын көріктендіру жөніндегі кейбір шаралар туралы» № 3/380 қаулы қабылдады. |
Әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган | Алматы қаласының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті. Алматы қаласының Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей аппатардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаменті |