ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын
төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы өтiнiштi толтыру
ережелерi (312.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес әзiрленген және Импортталатын тауарларға қосылған құн салығын (бұдан әрi - ҚҚС) төлеу мерзiмiн өзгерту туралы өтiнiштi (бұдан әрі - Өтініш) толтыру тәртібін айқындайды.
2. Өтiнiш қағаз тасығышта жасалады және қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әрiптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
3. Өтiнiштi толтыру кезiнде барлық жолдар толтырылуы тиiс, түзетуге, өшiруге, тазалауға жол берiлмейдi.
4. Өтiнiш Салық кодексiнiң 69-бабына сәйкес жасалады және беріледі.
5. Өтiнiштi беру кезiнде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібінде екi данада жасалады, бiр данасы салық органының белгiсiмен ҚҚС төлеушiге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен почта бойынша - ҚҚС төлеуші почта байланыс ұйымының хабарламасын алады.
6. Өтiнiшке ҚҚС төлеушi тауарларды жеткiзуге шарттардың (келiсім-шарттардың) көшiрмесiн қоса бередi.
7. Кеден органы жүк кедендік декларацияны қабылданған күннен бастап үш ай ішінде жарамды Импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу мерзiмдерiн өзгерту туралы салық органының шешімін алу үшін осы Ережелердің 6-тармағында көрсетілген Өтініш пен құжаттар ҚҚС төлеушіні тіркеу орны бойынша салық органына беріледі.