«Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың
қызметтері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2006 жылғы 21 наурыздағы № 124 Бұйрығы
Осы редакция 2006 ж. 25 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 желтоқсандағы № 1304 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі (бұдан әрі - БМСК) туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы бұйрыққа сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізсін.
3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің басшылары (келісім бойынша) осы бұйрыққа сәйкес БМСК ұйымдарының қызметін қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми жариялауға жіберсін.
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры (Байсеркин Б.С.) облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау департаменттерінің директорларымен (келісім бойынша) бірлесе отырып мамандандырылған көмек бойынша мыналарды анықтасын және ұсынсын:
1) 2006 жылғы 10 сәуірге дейін мамандықтар мен лауазымдардың номенклатурасын, мамандардың функциялары мен жұмыс көлемінің нормативтерін;