Алматы қаласы Әкімінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 135 «Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер,
Алматы қаласының өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
Алматы қаласы Әкімінің 2006 жылғы 4 желтоқсандағы № 75 шешімі
Алматы қаласы әкімінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 3 шешімімен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 2000 жылғы 23 маусымдағы № 140 бұйрығымен бекітілген, Эвакуациялық іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа сәйкес Алматы қаласының әкімі шешім қабылдады:
1. Алматы қаласы Әкімінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 135 «Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер, Алматы қаласының өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2002 жылғы 11 қазанда тіркелген нөмірі № 474, 2002 жылғы 25 қазанда «Вечерний Алматы» газетінде жарияланған, Алматы қаласы Әкімінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 08 «Алматы қаласы Әкімінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 135 «Қалалық эвакуациялық комиссия, зардап шеккен тұрғындар жиналатын пункттер, Алматы қаласының өндірістік және әлеуметтік мақсаттағы нысандарындағы адамдар жиналатын эвакуациялық пункттер туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімімен өзгеріс енгізілді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде 2006 жылғы 14 ақпанда тіркелген нөмірі № 696, «Вечерний Алматы» газетінің 2006 жылғы 7 наурыздағы № 45 санында, Алматы Ақшамы газетінің 2006 жылғы 2 наурыздағы № 24 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.С. Сманқұловқа жүктелсін.